19
март
2025
“Қош келдің, әз - Наурыз!”



“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында “Мостик негізгі мектебінде” КММ “Қош келдің, әз - Наурыз!” атты мерекелік іс- шара өткізілді.
Мостик негізгі мектебінде Наурыз мерекесі салтанатты түрде аталып өтті
Мектеп ұжымы мен оқушылар бұл мерекені ерекше көңіл-күймен атап өтіп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін жоғары деңгейде ұлықтады.
Мерекелік бағдарламаның аясында би, әндер мен ойындар орындалды. Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениеті таныстырылып, ауылдастарға бөлісіп, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар насихатталды. Қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, олардың дәмін татып көрді. Шара барысында тұсау кесу рәсімі де көрсетіліп, қазақ халқының бай мәдениеті мен ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше мәні ашықталды.
Шара барысында ауыл тұрғындары мен оқушылар қуанышқа бөленіп, үлкендер қатысушыларды құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Мерекенің соңында шығармашылық белсенділігі мен еңбегі үшін қатысушыларға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
Шараның соңында қатысушылар Наурыз мерекесінің ұлттық дәстүрлерді сақтау мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын атап өтіп, осындай іс-шаралардың өзектілігін көрсетті. Мереке қазақ халқының мәдени мұрасын арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлкен үлес қосты.
#біртұтас_тәрбие_абай_облысы_бесқарағай #апқо_абай_облысы_бесқарағай #nauryznama2025