"Домбыра" үйірмесі » "Мостик негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің "Мостик негізгі мектебі" КММ.
КГУ "Мостикская основная школа" отдела образования Бескарагайского района управления образования области Абай
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » » "Домбыра" үйірмесі
05
октябрь
2023

"Домбыра" үйірмесі

Домбыра- ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Күй - қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ән айту - өнері арқылы қазақ халқының рухани жан дүниесі бейнеленген

Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 3-6 сыныптардың оқушылары тартылды. Үйірменің балаларға берері көп.

Үйірменің мақсаты: Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, оқушыларды домбырада ойнауға үйрету.

Міндеті:

- Ұлттық аспап-домбыраның құрылысымен танысу;

- Домбырамен күй тартып үйрену;

- Домбыраны нақышына келтіріп орындау;

- Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына сіңіру;

- Ұлт өнеріне деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтиже: қазіргі заман талабына сай домбыра аспабын жақсы деңгейде меңгерген, халықтық музыка тарихынан хабардар, эстетикалық тәрбиелі, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан бәсекеге қабілетті жеке тұлға даярлау.
Үйірме жетекшісі - Асылханова Сандуғаш Ерғалиевна.