2022 жыл - "Балалар жылы" » "Мостик негізгі мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасының Бесқарағай ауданы білім бөлімінің "Мостик негізгі мектебі" КММ.
КГУ "Мостикская основная школа" отдела образования Бескарагайского района управления образования области Абай
Приемная:
+7 (72236) 45-84-39
Бухгалтерия:
+7 (72236) 45-84-39
Версия
для слабовидящих
» » 2022 жыл - "Балалар жылы"
24
январь
2022

2022 жыл - "Балалар жылы"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кірген 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады, деп мәлімдеді Ақорда.

"Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті келесі жылды "Балалар жылы" деп жариялау керек деп есептеймін", - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.

"Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз", - деп пікірін білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев.